Баннеры

Новые поступления

Kazneb

Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Пресс-релиз

   Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өзінің құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмырында бізге мұра қылып қалдырған жауһар жырларымен жыр сүйер қауымды ойландырып, қуантатын, мұңайтатын, рухтандырып, шабыттандыратын ақжалын аға, ардақты ақын Серік Томановтың шығармашылығына арналған  «Жұлдыздай ағып өткен талантты ақын» еске алу кеші өтті.

Подробнее...

«Әуенімен, әнімен ат оздырған» әдеби-сазды кеш

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, Жамбыл облысының құрметті азаматы, әнші, сазгер, Алтынбек Қоразбаевтың 65 жасқа толу мерейтойына орай «Әуенімен, әнімен ат оздырған» әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

   Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті мен Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының білімгерлері қатысты.

   Алтынбек Қоразбаевтың өмірі мен шығармашылынан сыр шерткен жүргізушілер – кітапхананың көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының меңгерушісі Жанна Жетпісбаева мен өнер жөніндегі әдебиеттер секторының меңгерушісі Қарлығаш Тастимирова қонақтарға сонау жетпісінші жылдардан бері өнер иесі өз заманының жарық жұлдыздарының, санаулы сал-серілердің біріне, үлкеннің де, кішінің де сүйіп тыңдайтын әншісіне, сазгеріне айналғаны және ағаларының ауқымы да, өрісі де кең, тақырып аясы үлкен, мән-мағынаға бай әндері тыңдаушының жүрегін қозғайтын, сезімін сергітетін, ой-өрісін оятатын поэзиялық дүние екені туралы әңгімеледі.

Подробнее...

«Ұлтымыздың ұлы қазынасы»

«Қазақтың батырлық жырлары», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні»,

«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобалар  тұсаукесері

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітап қорларына келіп түскен жаңа «Қазақтың батырлық жырлары», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты: 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігі Тіл комитетінің «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша жарық көрген, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай отандастармызға жасалған үлкен сый, тыңдаушы қауым назарына тұңғыш рет ұсынылып отырған қазақ батырлары туралы жырлардың толымды топтамасын; 2010 жылы тұнғыш рет шығарылған қазақтың асыл мұра, ән қазынасын барынша мол қамтыған бұл тұрпаттағы аса көлемді антология, дәстүрлі ән үлгілерін бұрын-соңды болып көрмеген көлемде, барынша мол қамтыған «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясы  мен халқымыздың мәңгілік рухани игілігіне айналған қымбат жәдігерлік – ұланғайыр күй мұрасын толық жинақтап, келешекке аманаттау ниетіндегі алғашқы ірі қадам, түбегейлі еңбек - «Қазақтың 1000 күйі» антологиясын облыс жұртшылығына кеңінен насихаттау.

Подробнее...

Еще статьи...
  • Қазақша
  • Русский

Википедия

Голосования

Как вы оцениваете работу нашей библиотеки?
 

Статистика

mod_vvisit_counterСегодня2
mod_vvisit_counterВчера288
mod_vvisit_counterНа этой неделе1505
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе2303
mod_vvisit_counterВ этом месяце3198
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце9033
mod_vvisit_counterВсего97795

Онлайн: 7
Ваш IP: 174.129.228.67
,
Дата: 2013-05-11 00:07

Система Orphus

test